«Өз балаңа үлгі бол» » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өз балаңа үлгі бол»
13
сентябрь
2018

«Өз балаңа үлгі бол»

Қазақстанның отбасы күніне арналған 21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» Республикалық ата-аналар конференциясы

 

 

    Мақсаты: Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек көрсету. Жиналысқа қатысқан ата-ана саны 40.

     Жиналыстың басында ата-аналарға сауалнама мен жадынама таратылды. Қазақстан Республикасы Білім ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатын мектеп директоры Г.З.Кабдуллина оқып, конференцияны ашып берді.

      «Отбасы мен отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстан ата-аналар қауымдастығының» бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына дайындаған №1 бейнеүндеуі көрсетілді. Осы бейнеүндеуден кейін мектебіміздің психологы С.Ж.Орманова шығып сөз сөйледі. Конференцияда мектеп-психологы аса  маңызды мәселелер қаралатындығын айтып, бәрін слайд бойынша көрсетіп, түсіндірді. Осы мәселелер бойынша орыс тілінде тәрбие ісі меңгерушісі Ж.Б.Мухамедсадыкова түсіндіріп, толықтырды.

      Қазақстанның отбасы күніне арналған 21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек» көрсетілді. Интерактивті тақта мен орыс және қазақ тілінде слайдтар жүргізілді. Конференция өткізу барысында ата-аналар көптеген сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.

      Ата-аналар бүгінгі коференциядан қажетті мағлұмат алғандығын айтып, алғыстарын білдірді.«Өз балаңа үлгі бол»
«Өз балаңа үлгі бол»
«Өз балаңа үлгі бол»
«Өз балаңа үлгі бол»