7"А, Ә, Б" сынып оқушылары қазақтың Ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жыл толуына орай өткен сынып сағатына қатысты » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7"А, Ә, Б" сынып оқушылары қазақтың Ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жыл толуына орай өткен сынып сағатына қатысты
23
сентябрь
2022

7"А, Ә, Б" сынып оқушылары қазақтың Ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жыл толуына орай өткен сынып сағатына қатысты

Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің  7"А, Ә, Б" сынып оқушылары қазақтың Ұлы жазушысы  Мұхтар Әуезовтің 125 жыл  толуына орай өткен  сынып сағатына қатысты. М.Әуезов – 1897 жылы Семей облысында дүниеге келген. Жас кезінен бастап ізденіп, білімін кеңейтіп, өмірінің соңына дейін әдебиет саласында тынымсыз еңбек етті. Мектептің 5-ші сыныбында оқып жүрген кезде, оның алғашқы шығармасы «Дауыл» жарық көрді. Ал, ең алғашқы пьесасы «Еңлік-Кебек» деп аталады. Совет үкіметі билікке келген соң, Семей облысының саяси-қоғамдық өміріне белсене араласты. 1918 жылы Жүсіпбек Аймауытовпен бірге, «Абай» журналын шығара бастады. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы – қазақ әдебиетінің ең атақты туындысы болып саналады. Бұл романда – Абайдың өмірі және 19 ғасырдағы қазақ қоғамының тұрмысы сипатталған. Осы шығарма үшін ол сол кездегі ең құрметті марапаттардың бірі – Ленин сыйлығына ие болды. Айта кетейін, Мұхтар Әуезовтің шығармалары өз өзектілігін жоғалтқан жоқ, автордың пьесалары әлі күнге дейін театр сахналарында қойылып келеді. 
7"А" Иманасова Айгерим
7"Ә" Жаналиева Гулмира
7"Б" Асылханова Аманай

https://www.facebook.com/100025697012822/videos/1724660991247311/