"Директорлық сенбі -ата -ана үні' » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Директорлық сенбі -ата -ана үні'
26
ноябрь
2021

"Директорлық сенбі -ата -ана үні'

27.11.2021 жыл.Алматы қаласы Алатау ауданы N196  жалпы білім беретін мектепте 6"А"сынып оқушыларының ата-аналарымен Директорлық сенбі-ата -ана үні жиналысы өтті. Жиналыстың тақырыбы: Баланың бас ұстазы -ата- ана Мақсаты: 1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. 2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. 3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту. Міндеті: 1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігін арттыру.Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды»  Осыған орай, бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне, осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. 
Ұйымдастырушы : 6"А" сынып жетекшісі: Иманасова Айгерим.