Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесі аясында Менің Қазақстаным атты мектеп кітапханасында іс-шара ұйымдастырылды.
25
ноябрь
2021

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесі аясында Менің Қазақстаным атты мектеп кітапханасында іс-шара ұйымдастырылды.

25.11.2021жылы Алматы қаласы Алатау ауданы 
N196 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесі аясында Менің Қазақстаным атты мектеп кітапханасында іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ақын Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңдерімен танысу, өмірін, өнерін танып білу, әдебиетке терең бойлау, тарихқа көз жүгірту, өлеңдерін оқу.   Оқушылардың  кітапқа қызығушылықтарын арттыру. Отанын, халқын сүйетін  елжанды  азамат  болуға  тәрбиелеу.
 Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына  орай  мектеп кітапханасында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» рухани  акциясы  аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  әнұранының авторы, көрнекті ақын , Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығы туралы  «Менің Қазақстаным»  атты  көрме  ұйымдастырылды. Қазақстан Жастар сыйлығының иегері  Жұмекен Нәжімеденовтың өлеңдері таныстырылды.  «Менің Қазақстаным» атты  өлеңі  2005 жылы  ресми   әнұран  боп  бекітілді.  Ақынның  елім деп соққан жүрегінен  шыққан туындылары  жас ұрпақтың рухын шабыттандырып күш-жігер береді.  Көрмеге 9 «Ә»сынып оқушылары  мен    6 «Ә»сынып оқушылары  қатысты.  Олар «Әжеме», «Ғұмыр ертегісі»    өлеңдерін оқығандарын айтып өтті.
 Көрмеге  ақынның «Менің Қазақстаным»2008,«Қайсарлық»2001, «Темірқазық»1981, «Қыран - қия», «Жолдағы құдық» 2012 , «Аспан шақырады»2012, «Ақ шағыл» өлеңдер  жинағы  қойылды.
 Кітапханашы   Бейсебекова М.С.