Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ!
15
декабрь
2021

ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ!

15.12.2021 жылы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 2“Б” және 4"Ә" сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу аясында ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ  атты сынып сағаттарын өткізді. 
 Оқушылардың туған жерге  деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу және Тәуелсіздіктің 30 жыл бойы жеткен жетістіктерімен таныстыру мақсатында өткен сынып сағатында 
 дүниеде тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да, халық та жоқ, тарихқа зерделеп қарасақ, ата-бабаларымыз ел үшін, жер үшін, ел тәуелсіздігі үшін күрескенін, Қазақстан жерінде тұратын әр адамның қасиетті борышы – атамекенін сүю, мәдениеті мен тілін білу, қастерлеу екенін оқушылар жақсы түсінді. Біздің еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік әрине, оңай жолмен келген жоқ. Көшпелі ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап келген. Олар: елі, жері, ана тілі. Осы үшеуінсіз қай халық болса да, егемен ел екендігін дәлелдей алмайды. Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. Осы орайда шәкірттер туған жерге деген сезімдерін өлең жолдары арқылы білдірді.
Ұйымдастырушылар
Акназарова Н.Б 
Мұғалбекова С.А.
  
https://www.facebook.com/100025697012822/videos/pcb.1007041010162457/634145834405140?__cft__[0]=AZVnuM5jlZeqmzRvVAYTmF4XNwLwCOZvyUqk5Su0c1OJdueAoy4WR1iuTNh9z6NVsBtaksQkWpj7-rieTzEMVqBMgTO-yE5DQGq0CSpezfDl18Vn49Ckb004LoXXd90X540&__tn__=*bH-R