25
декабрь
2021
"Отбасы - тәрбиенің басты ұясы".
Апта тынысы. 25.12.2021 ж. 7 "А" сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың тақырыбы: "Отбасы - тәрбиенің басты ұясы".
Күн тәртібінде:
1. Сыныптағы мәселелерді талқылау.
2. Сыныптың білім сапасы.
3. Ата-аналардың сұрақтары, ұсыныстары.
Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы - адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін ортасы. Бала - ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. Балаға дұрыс тәрбие беруде оны танып-білу, жан дүниесін ұғу маңызды.
Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайта отырып, ата-аналарға "Мектеп-Отбасы-Сынып" үштігінде тығыз жұмыс істеуге, қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Мектеп пен отбасындағы тәрбиенің бір-бірімен ұштасуынан тәрбиенің негізі қалыптасады деген қорытындыға келді.
Сынып жетекшісі: Омарова Нурбану Турсынгалиевна

