РАҚМЕТ САҒАН,ӘЛІППЕ! » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » РАҚМЕТ САҒАН,ӘЛІППЕ!
27
декабрь
2021

РАҚМЕТ САҒАН,ӘЛІППЕ!

Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 1"А"сынып оқушылары РАҚМЕТ САҒАН,ӘЛІППЕ! атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау және әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу және оқушылардың әліппе  пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мені іскерліктерін ата – аналарға көрсету,өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан – жақты білімдерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту және талғамдарын дамыту.
Сонымен қатар, білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін — бірі сыйлауға, өзін — өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында өткен әліппемен қоштасу мерекесінде  бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасып, қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата — аналарына өз өнерлерін көрсетті.Әліппе балаларға тек әріптерімен таныстырып қойған жоқ, бір – бірімен  достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті. Білім баспалдағын аттаған  сапарларың сәтті болсын!
Ұйымдастырушы 1"А"сынып жетекшісі  Шиналиева А.А.