Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КІТАП- БІЛІМ БҰЛАҒЫ!
27
декабрь
2021

КІТАП- БІЛІМ БҰЛАҒЫ!

27.12.2021жылы 
 Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектепте КІТАП- БІЛІМ БҰЛАҒЫ атты оқырмандар сағаты өтті.
 Жаңадан  келген ертегі,көркем әдебиеттерді оқушыларға  таныстыру және  оқуға  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  ұйымдастырылды. Оқушының  ой-өрісін  дамытып,  ізденіске  және  кітап  оқуға  құштарлықтарын ояту, кітап оқу  арқылы  оқушының  білімін  арттыруға үлес қосу үшін  өткен іс-шараға 1«Ә»,1 «Г»,6 «А» сынып оқушылары қатысты. Оқушы саны-28
Кітапхана сабағында пайдаланылған кітаптар:
 Парасат Танен  «Бала қайда ұйықтайды?»
Парасат Танен  «Super киім»
Ұлттық аударма бюросы  «Су перісі»   
Ұлттық аударма бюросы  «Қарша қыз»
Ұлттық аударма бюросы  «Кулбике»
Ә.Раушанова «Том Сойердің бастан кешкендері»
Ә.Раушанова «Робин Гуд»
Н.Тобыш «Гулливердің саяхаты»
Айбек Қуатбай «Әлем халықтарынан Орда ертегілері»
 Ертегі  «Аладин» т.б
 Тағыда басқа кітап түрлері оқырмандар назарына ұсынылды.Оқушыларға биылғы түскен кітаптар үлкен әсер қалдырды.Олар ертегілерді оқып бір-біріне мазмұнын айтты. Ертегінің тәрбиелік мағынасын түсіндіріп кітапқа деген қызығушылығын арттырды.Ұйымдастырған кітапханашы Бейсебекова М.С.