14
январь
2022
Ата -аналар мен оқушыларға арналған жадынама!
Ата -аналар мен оқушыларға арналған жадынама.
Артық болмас білгенің!!!
Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.Балаңызды көшеге, алыс жерлерге жалғыз шығармаңыз.
Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.
Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.
