Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯ КӨЗІ
28
январь
2022

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯ КӨЗІ

28.01.2022 ж.Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 7-9 сынып оқушылары РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА  БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯ КӨЗІ атты презентация қорғау іс -шарасын ұйымдастырды.Жобаның мақсаты қуат көзін пайдаланудағы жоспарлау мен бақылау адам өмірі мен ғаламшардағы бүкіл тіршілік атаулыға шешуші әсер етеді деген тақырыпта ойлану мен энергия туралы білімдерін қалыптастыру, ынталандыру болып табылады. Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Энергия социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды  туындатады.Қуат көзінің адам өміріне маңыздылығы және оны үнемдеу жолдары туралы оқушылар өз ойларын ортаға салды.  Біздің заманымызда табиғи таза энергия қоры – Күн энергиясын пайдаланудың негізгі екі бағыттары- күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы жылумен қамтамасыз ету және  күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру туралы жобаға қатысушылар өз пікірлерін білдірді.
Ұйымдастырушы: физика мен информатика пәнінің мұғалімі Асылханова А.Д.