«Қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына -155 жыл» атты іс-шарасы өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына -155 жыл» атты іс-шарасы өтті.
15
февраль
2022

«Қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына -155 жыл» атты іс-шарасы өтті.

15.02.2022 жылы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің кітапханасында «Қоғам қайраткері  Әлихан  Бөкейханның туғанына -155 жыл» атты іс-шарасы өтті.
Мақсаты: қоғам  және  мемлекет  қайраткері  Әлихан  Бөкейханның өмір жолын таныстыру, халық үшін жасаған  еңбектерін  жас ұрпаққа жеткізу.Қазақ халқының  оқуына, білім алуына , санасын көтеруге қосқан үлесін айту.
  Көрнекті  қоғам  және  мемлекет  қайраткері  Әлихан  Бөкейханның туғанына  - 155 жылдығына орай өткен іс-шарада оқушыларға Алашорда үкіметінің  төрағасы Әлихан  Бөкейхан  қараңғылықтың құрсауында  қалған  қазақ  халқын білім алуға , мәдениеттілікке және оқуға ықпал еткені туралы айтылды.Ол халқының  азаттық алып , еркін болуына өмірінің соңына дейін күресті.Оның еңбек жолы мен шығармашылығы оқушыларға таныстырылды.
Көрмеге 9 «Ә» сынып оқушылары қатысты.
Кітап көрмесіне төмендегі кітаптар қойылды:
«Тарихи тұлғалар» -  Алматы кітап баспасы ,2012ж. Өлкетану қосымша оқулығы, Алматы кітап баспасы ,2018ж .Өлкетану хрестоматиясы,  Алматы кітап баспасы ,2018ж. 
 Ұйымдастырушы: мектеп кітапханашысы Бейсебекова М.С.