Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » #Жолдау2022 #Послание2022
16
март
2022

#Жолдау2022 #Послание2022

16.03.2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті 
Қ.К.Тоқаевтың  халыққа "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты жолдауын жариялады. Жолдауда Президент: "Өткеннен тағылым алып, келешекке сеніммен  қадам басамыз.Осы жолда ең алдымен жұртымызға  ауызбіршілік керек, ақыл мен сабыр , парасат пен ұстамдылық қажет.Біз әр шешімді мұқият саралап, әр істі байыппен жасауға тиіспіз"-деді.Қандай да бір жағдай болса да ынтымақтастық пен бірлік қажет екенін халық та қолдайды.Сондай-ақ, жолдауда  жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік экономикалық дамуы туралы айтылды. Ел дамуының жаңа бағыты -Жаңа Қазақстанның бастауы болатынын айта келе, Президент Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды . Бүгінгі жолдаудан кейін  халықтың көңілінде жүрген көп мәселелер жүйелі шешімін табатыны сөзсіз. Тәуелсіздігіміз бен атамекеніміз-жеріміздің тұтастығы үшін елдің бірлігі,халықтың болашағы  маңызды.Қазақстанның өркендеуіне, болашағы жарқын болуына әрбір азамат бірдей үлес қосуға міндетті.Президент еліміздің дамуы мен болашаққа бетбұрысын айқындап берді. Білімді ұрпақ-жарқын келешектің  кепілі. Сондықтан ғылымды дамыту туралы ойлары халықтың көңілінен шығатыны анық. Президентіміз ел азаматтарын Отанымызды қорғауда , адал қызмет пен  абыройлы іс жасауда ерінбей еңбек етуге шақырды.