1-9 сынып оқушылары арасында өрт қауіпсіздігіне байланысты сурет көрмесі ұйымдастырылды. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-9 сынып оқушылары арасында өрт қауіпсіздігіне байланысты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
04
апрель
2022

1-9 сынып оқушылары арасында өрт қауіпсіздігіне байланысты сурет көрмесі ұйымдастырылды.

04.04.2022 жыл. Алатау ауданы N196 жалпы білім білім беретін мектептің 1-9 сынып  оқушылары арасында өрт қауіпсіздігіне байланысты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру  мақсатында өтті.
Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретіні  туралы оқушыларға түсіндірілді. Өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану; 2. Пештің ақаулығы; 3. Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4. Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірден - бір себепші. 
Өрт оқиғаларына басты себепшілердің бірі газ баллондарын пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр. Газ баллоны өртке қауіптілігімен бірге, үйде жарылысқа себепші болып, үлкен апатқа да соқтыруы мүмкін. Газ баллоны газ плитасына дұрыс орнатылуы қажет.  Өрт қауіпсіздігін сақтау, оның  тәртібін дұрыс білу оқушылардың міндеті.
Ұйымдастырған: сынып жетекшілер.