05
апрель
2022
Төтенше жағдай" тақырыбы аясында іс-шара ұйымдастырылды.
05.04.2022 жыл.Алматы қаласы, Алатау ауданы N196 Жалпы білім беретін мектебімізде 7"Ә" сынып оқушылары арасында Төтенше жағдай" тақырыбы аясында іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты:оқушыларды төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шараларын дұрыс қолдануға үйрету, табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру.Оқушыларды табиғатқа құрмет көрсетуге, адалдыққа, әдептілікке,шыншылдыққа, жақсылық жасай білуге үйрету.өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес ғимараттар мен мекемелер бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек екені ,өрт қауіпсіздігін сақтау үшін қарапайым ережелерді білу керек екені айтылды.
Оқушылар өрт қауіпсіздігіне байланысты көптеген мағлұматтар алды. Оқушыларды өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен таныстыру, өрт қауіпсіздігін есте сақтауға, өрт сөндіру ережесі мен оны болдырмау талаптарын үйрету, оқушыларды өртке байланысты оқыс жағдайлардан сақ болуға тәрбиелеу,, өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру болды.
Ұйымдастырушы: Молбаева Э.С.