Алматы қаласының Білім басқармасы педагогтар арасында"Almaty Ustazy" байқауы өтеді. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласының Білім басқармасы педагогтар арасында"Almaty Ustazy" байқауы өтеді.
04
август
2022

Алматы қаласының Білім басқармасы педагогтар арасында"Almaty Ustazy" байқауы өтеді.

04.08.2022 жыл. Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы" заңына сәйкес 2021 жылы Алматы қаласының Білім басқармасы педагогтар арасында "Digital Uztaz" конкурсын өткізді, онда жеңімпазды анықтаудың басты критерийі - цифрлық технологияларды қолдану дағдылары болды. Ағымдағы жылы конкурстың ауқымын кеңейтіп, оны "Almaty Ustazy" деп атау жоспарлануда."Almaty Ustazy" байқауының мақсаты - 36 жасқа дейінгі талантты және шығармашылықпен жұмыс істейтін жас педагогтерді анықтау, озық педагогикалық тәжірибені тарату, педагог мәртебесін арттыру.Конкурс 2022 жылғы 01 тамызда басталады, аяқталу ағымдағы жылдың 05 қазаны. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау almatyustazy.kz электрондық порталы арқылы жүзеге асырылады.