7"Ә" сынып оқушысы Темір Балаусаның өлеңдер жинағы " Мөлдір бұлақ" республикалық журналына жарияланды. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7"Ә" сынып оқушысы Темір Балаусаның өлеңдер жинағы " Мөлдір бұлақ" республикалық журналына жарияланды.
04
август
2022

7"Ә" сынып оқушысы Темір Балаусаның өлеңдер жинағы " Мөлдір бұлақ" республикалық журналына жарияланды.

04.08.2022 жыл.Алатау ауданы N196  жалпы білім беретін мектептің 7"Ә" сынып оқушысы Темір Балауса "2022 жыл -Балалар жылы" аясында  өткен"БАЛАFEST " қалалық байқауына қатысып  жүлделі І орын алып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың марапатына ие болған. Оқу жылының аяғында Мемлекет басшысы «Алматы БАЛАFEST» фестивалінің үздіктерімен кездесіп, балалардың еңбегін жоғары бағалаған болатын. Бүгінгі күні Балаусаның өлеңдер жинағы " Мөлдір бұлақ" республикалық журналына жарияланып, мерейі үстем болып жатыр.Жыр сүйер қауымның жүрегіне  өлеңдерін ұялата білген оқушымызға 
шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейміз! Осындай талантты шәкірт тәрбиелеуде игілікті істері мен шәкіртінің бойындағы шығармашылық  пен білімнің қайнар көзін аша білген сынып жетекшісі Молбаева Эльмира Серікқызына алғыс айтамыз!
Білім мен өнерге құштар Балаусаның болашағы жарқын, жетістіктері көп болсын!