«Қамқорлық» акциясы өткізілді » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қамқорлық» акциясы өткізілді
10
февраль
2017

«Қамқорлық» акциясы өткізілді

№ 196 жалпы білім беретін мектеп бойынша

«Қамқорлық» акциясын өткізу туралы мәлімет.

10 қаңтар – 10 ақпан 2017 жыл.

 

№ 196 ЖББ Мектепте 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында республикалық «Қамқорлық» акциясының айлығы өткізілді. Акция жоспары жасалынып, барлық іс-шаралар осы жоспардың негізінде өткізілді. «Қамқорлық» акциясы аясында мектеп шағын аудандарына рейдтер жүргізіліп, аз қамтылған, сәтсіз отбасы балаларын, оқу оқымай, мектептен қалып жүрген мектеп жасындағы балаларды анықтау жұмысы жүргізілді. Мектептің мөлтек аудандарына жауапты мұғалімдер, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, әлеуметтік педагог және мектеп инспекторымен бірлескен рейдтер кезінде аз қамтылған, тұрмыс жағдайы сәтсізотбасылары Джирембаева, Карповтардың үйлеріне барып, тұрмыс жағдайын тексеру актілері жасалды. Мысалы: Джирембаева отбасында анасымен, әжесімен және анасының азаматтық жұбайы Тарасовпен, оның қызы Вероникамен тұрады. Анасы ішімдікке үйір, үй – іші лас. Сондықтан Аминаттың отбасы мектеп бойынша әрқашан қадағалауда. Карпов Иван, 4 а сынып оқушысы, ата-анасымен бірге тұрады, ата-анасының тұрақты жұмысы жоқ, жеке тұлғаларға жалданып жұмыс істейді. Тұрмыс жағдайлары төмен. Ата-аналар комитеті тарапынан осы отбасыларына қолданыста болған киімдерді табыстап, көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, мектеп шағын ауданын аралап, мектепке бармай жүрген, сабақтан қалған оқушыларды анықтау жұмыстары жүргізілді, шағын аудан бойынша ондай оқушылар жоқ.

Акция барысында аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетуге ата-аналарға үндеу жарияланды. Осы үндеу барысында ата-ана Маллерова аз қамтылған отбасы балаларына 24000 теңгеге киімдер алып берді. Ата-ана Ким Эдита оқу құрал – жабдықтарын 10 оқушыға 10000 теңгеге алып берді.

 

 «Қамқорлық» акциясы өткізілді
«Қамқорлық» акциясы өткізілді
 

 Мектепте «Қайырымдылық» акциясының маңызы, бір-біріне көмектесу, қайырымды болу жөнінде сынып сағаттары, әңгімелер өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары арасында суреттер сайысы өткізіліп, жеңімпаздар мадақтамамен марапатталды.

Оқушылар күшімен концерт ұйымдастырылып, шағын ауданның қариялары, зейнеткер мұғалімдер концертке шақырылды. Концерттен зор әсер алған қариялар алғыстарын жаудырып, оқушыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ акция барысында шағын аудан бойынша жалғызілікті тұратын қарияларға көмек көрсетіліп, Жас Ұлан ұйымының мүшелері ауласының қарын күреу, жинау жұмыстарын жүргізді.

 

«Қамқорлық» акциясы өткізілді
«Қамқорлық» акциясы өткізілді

 

 

Мектеп директоры Г.З. Кабдуллина

 

Орындаған: әлеуметтік педагогМ.К. Жумысбаева