01
октябрь
2021
1 қазан - Халықаралық қарттар күні.
1 қазан - Халықаралық қарттар күні.
Айтулы мерекеде білім ордасы №196 жалпы білім беретін мектептің кішкентай бүлдіршіндерінің ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымызға арнаған өнерлерін қабыл алыңыздар! Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүріміз. Қарттарымыз еліміздің дамып-өркендеуіне өз үлестерін қосып, еңбек етті. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларын дайындады. Еліміздің бейбіт те тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп білеміз. Бүгінде сол еңбектерінің зейнетін көріп, ұрпақтарына игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін көрсетуде. Олардың өмір және еңбек жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына болары сөзсіз. Осынау ардақты да, асыл қазынамыз - қарттарымыздың көңілдеріне қаяу түсірмей, әрқашанда мерейлерін асқақтатып жүру жас ұрпақтың міндеті. Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз. «Қарттары бар елдің - қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керекті. Данагөй тұлға, бізге саялы бәйтерек болған қарттарымыз төрімізде отыруының өзі бір бақыт. Бүгінгі күнгі барлық құрмет, шынайы тілек пен ақ ниет қарттарға арналмақ. Денсаулықтарыңыз мықты болып, қуаттарыңыз қайтпай, халықтың ортасынан табыла бергейсіздер! Әулеттеріңіз арасында қуаныш пен шаттыққа бөлене берулеріңізге тілектеспіз!
https://www.facebook.com/100025697012822/videos/313510327244972/