2021 жылдың 20 қыркүйек пен 27 қыркүйек аралығында «Үштілділік-заман талабы» атты тілдер апталығы болып өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021 жылдың 20 қыркүйек пен 27 қыркүйек аралығында «Үштілділік-заман талабы» атты тілдер апталығы болып өтті.
27
сентябрь
2021

2021 жылдың 20 қыркүйек пен 27 қыркүйек аралығында «Үштілділік-заман талабы» атты тілдер апталығы болып өтті.

Мектебімізде 2021 жылдың 20 қыркүйек пен 27 қыркүйек аралығында  «Үштілділік-заман талабы» атты тілдер  апталығы болып өтті. Апталықта бекітілген жоспар бойынша   іс-шаралар ұйымдастырылды.Апталық аясында  "Ыбырай салған сүре жол ұрпаққа өнеге" атты мәнерлеп оқу челленджі өткізілді. Әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың тіл байлығына, тіл мәдениетіне, сыртқы келбетіне, мәнерлеп оқу деңгейіне,  өзін-өзі ұстай білуіне, әртістік шеберлігіне, дауыс ырғағына көңіл аударды.
Сондай- ақ апта бойы  "Жүректен-жүрекке" атты ашық хаттар  байқауы ұйымдастырылды.Бұл шарада оқушылар  ұстаздарға қолдан жасалған ашық хатқа  тілектерін жазып, құттықтады.Апталық өз жалғасын тауып "Языки народов Казахстана" дәстүрден тыс іс-шара өткізілді.Бұл шараға оқушылар белсене қатысты. 24 қыркүйек күні ағылшын пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Квест Зон" атты дәстүрден тыс ойын сабақ өткізілді.Сабақ өте қызық әрі көңілді түрде өтті.
Ал 24 қыркүйек күні "Тілге құрмет" " Инглиш уорлд" атты ең үздік тик ток байқауы ұйымдастырылды.Балалар тілге деген махаббатын бейнеролик арқылы шынайы сезіммен жеткізе білді. Оқуышалар арасында ғана емес,мұғалімдер арасында да «Білекті бірді,білімді мыңды жығар» атты байқау өткізілді. Міне,апталықбұдан да басқа іс- шаралармен толықтырылды.Атап айтар болсақ, эссе жазу,мәнерлеп оқу сайысы,мақал-мәтелдер сайысы,тілдер олимпиадасы, ашық сабақтар,тәрбие сағаттары. Тілдер апталығының жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау кезеңі 27 қыркүйек күні  мектеп ауласында өткізілді. Апталықтың салтанатты түрде жабылуына іс-шараларға белсене  қатысқан оқушылар , қазақ,орыс және ағылшын пәндерінің мұғалімдері, апталықты өткізуге жауапты мұғалім  Телеуханова А.С және барлық мектеп мұғалімдері  қатысып, жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.