"Директорлық сенбі - ата -ана үні" » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Директорлық сенбі - ата -ана үні"
25
октябрь
2021

"Директорлық сенбі - ата -ана үні"

23.10.2021 жылы. 
Алматы қаласы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің "Директорлық сенбі -ата -ана үні'  атты  9 сынып оқушыларының сабаққа қатысуы, бақылау жұмыстарын  толық жазылуын қадағалау мәселесі бойынша және 9  сынып оқушыларының құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған  мектептегі жасалып жатқан жұмыстар бойынша инспектор полиция капитаны Бегім Айбектің қатысуымен өткен іс- шараларда кешкі сағат 22.00 –ден кейін заңды өкілінсіз  көшеде жүруге болмайтыны және  ойын-сауық орталықтарында жүруге болмайтыны туралы, балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлық туралы ақпарат беру  және ғаламтор  кеңістігінде күтіп тұрған қауіптерді жою,тәуелділіктің алдын алу жолдарын қарастыру  туралы онлайн форматта ата -аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 9 "Ә' сынып ата -аналары және пән мұғалімдері қатысты.Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға мектеп әкімшілігі жауап беріп, оларды толғандырған  мәселелер толық шешімін тауып отырды. Баланы жамандықтан жиренуге үйрету,бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру отбасынан басталып,  мектептегі тәрбиемен жалғасын табатынын мектеп директоры Г.Ж.Буркитбаева ата -аналарға ашық айтты.