12
январь
2022
Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән қасиет.
12.01.2022 жыл. Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 3 "Ә","Б", "В" сынып оқушылары
қысқы каникул кезінде онлайн форматта ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚОЛӨНЕР табиғи материалдардан немесе импровизацияланған құралдардан жасалған қолөнер көрмесін және КӨҢІЛДІ АҚҚАЛА қар фигураларынан аққала жасау шығармашылық қолөнер ұйымдастырды.Сабақтан тыс жұмыстар сабақтан бос кезде балалардың дұрыс демалысын ұйымдастыра отырып, практикалық жағынан дағды - әрекеттерін қалыптастыру яғни, қолөнер жұмысы арқылы балаларды тынықтырудың, шығармашылыққа баулудың алғышарты ретінде қолдану өте маңызды.Қолөнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы және байқағыштығы артып,бала осыған дағдыланады.Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл – ой деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы арта түседі. Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден – ақ ата – ана парызы, бүкіл халық міндеті болды.Қайсыбір қолөнер шеберін алсақта олар өздерінің жасаған бұйымдарын түрлі ою-өрнектерімен әшекелейді.Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән қасиет. Осыған байланысты оқушылар бос уақытында осындай шығармашылық өнермен айналысқанды ұнатады.
Ұйымдастырушылар
3 сынып жетекшілері
Раймкулова Ф.Б.
Мачжон Ф.В.
Нурдунова Г.А.
https://www.facebook.com/100025697012822/videos/874266546577499/