Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №196 ЖББ мектебімізде "МҰЗДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК "тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
21
январь
2022

№196 ЖББ мектебімізде "МҰЗДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК "тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

21.012022 жыл.
Алматы қаласы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 5 "Ә" және 5"Б" сыныптардың өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары арасында онлайн форматта төтенше жағдайларға байланысты МҰЗДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК тақырыбында сынып сағаттары өтті.Мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы мағұлмат беру, есту, көру арқылы өз бетінше логикалық ойлау қабілетін арттыру мақсатында өткен сынып сағатында 
оқушыларға мұз қауіпсіздігін есте сақтауға, берілген ескертулермен, ережелер белгілерімен таныстыру, нұсқауларды дұрыс орындауға тәрбиелеу,өзара ой бөлісу, ойлау, қорытындылау қасиеттерін дамыту және  өз денсаулығының бағалы байлық екендігіне көз жеткізуге жағдай жасау. Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару туралы түсініктерін арттыру болды.Әрбір адам төтенше жағдайға тап болуы мүмкін, мұз үстінде балық аулау, мұзды аймақта жарақат алу, адам өлімі, мұз астына түсіп кету , далада қалып қою,  т.б. Мұзда қалу жағдайында әр адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарырын, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет екені оқушыларға түсіндірілді.
Жауапты сынып жетекшілер:
Аширова Б.З.
Серікхалиқызы А.