Алматы қаласы, Алатау ауданы № 196 ЖББ «Қауіпсіз мектеп» туралы есебі » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы, Алатау ауданы № 196 ЖББ «Қауіпсіз мектеп» туралы есебі
17
ноябрь
2018

Алматы қаласы, Алатау ауданы № 196 ЖББ «Қауіпсіз мектеп» туралы есебі

Алматы қаласы, Алатау ауданы

№ 196 ЖББ «Қауіпсіз мектеп» туралы есебі

Мектеп бойынша әкімшілік тарапынан мұғалімдерге, сынып жетекшілерге балаларға арналған қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету және ұйымдастырумәселесі бойынша ата – аналардың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақбалалар өміріне қатысты келеңсіз оқиғаларды болдырмау, қолайлы орта қалыптастыру үшін алдын алу шараларын ұйымдастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сынып кабинеттерінде ЖЖЕ бұрышы жасалынды.

Сынып жетекшілердің қадағалауымен 1-5 сынып оқушыларының күнделіктерінде мектептен үйге, үйден мектепке дейінгі сызбалар салынды.

ЖЖЕ байланысты оқушыларға арнап мектеп кітапханасында оқу-әдістемелік құралдар ұйымдастырылды.

2018 жылдың 15 қыркүйекте балалар өмірін сақтау және жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында , бастауыш сынып оқушыларымен ата-аналары үшін «Жарқын бол!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

2018 жылдың қыркүйек айында Алатау аудандық ПБ ӘТ бастығы полиция майоры Байымбетов Б.П.бірлесе отырып жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты оқушыларға жарық шағылыстыратын білезіктерді тапсыру мен жол қозғалысының қаіпсіздігі туралы концерттік бағдарлама жүргізілді.

19-қыркүйекте жол қауіпсіздігіне байланысты 1-5 сынып оқушылары арасында сурет байқауы жүргізілді.

«Өмір қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігі ережелерін сақтайық!» атты айлықтың іс-шаралар жоспары жасалынды. Айлық барысында «Правила дорожного движения», «Жолда жүру ережелері» атты сынып сағаттары өтті. Әсіресе, пән мұғалімдері тарапынан оқушыларға информатика, физика, химия кабинеттерінде техника қауіпсіздігін сақтау шаралары жайында тусіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жол қозғалысы ережелері туралы әлеуметтік роликтер көрсетілді.

Мектеп инспекторының қатысуымен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оқушылардың жол-көлік оқиғаларынан зақымдануынның алдын алу, олардың жолда қауіпсіз жүру дағдыларына бағытталған жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелерін орындау мәселері бойынша мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы білім беретін мектептерде сабақтар, дәрістер, ата-аналар жиналысы өткізілді.

Алдағы уақытта жол қозғалысының қатысушыларын жолда сақ болуға шақыру бойынша флешмобтар өткізу. Аталған іс-шараны Балалар қоғамдық бірлестіктерінің үкімететтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, орталық көшелерде, алаңдарда өткізу жоспарланып отыр

2018 жылдың 16 қарашаға дейінгі мәлімет бойынша «Оңай» біріңғай көлік картасын қолданатын оқушылар саны – 419.