Ашық есік күні » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық есік күні
02
март
2023

Ашық есік күні

01.03.2023 жылы Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін мерекелеуге байланысты "Ашық есік күні" өткізу шеңберінде №196ЖББМ оқушылары Алматы қаласы Алатау ауданы №2Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барып қайтты.
Мақсаты: Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні азаматтардың қауіпсіздігі мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, төтенше жағдайларды болдырмау және орын ала қалған жағдайда қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін дағдылау мақсатында жыл сайын атап өтіледі.
Дәстүр бойынша 1 наурызда "Баршаның назарына!!!" бірыңғай ескерту сигналымен ескерту жүйесі іске қосылады. 
"Баршаның назарына!!!" дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.