Сән және бала денсаулығы » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сән және бала денсаулығы
17
апрель
2023

Сән және бала денсаулығы

17.04.2023 жылы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып ата-аналары арасында "Сән және бала денсаулығы" атты ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыстың мақсаты:
қазіргі кездегі баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,тиімді қарым-қатынас орнату,  ата-аналардың мектеппен,мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларды білімге,мейірімділікке,ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету, жасөспірімдерді   құқық бұзушылық әрекеттерден алдын алу,ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту болды. Жиналыста 8-сынып оқушыларының білім сапасы, тәртібі мен мектеп формасын талапқа сай киюі туралы мәселе көтерілді.Мектеп психологы Д.Аманкулова ата-аналарға арналған тренинг өткізіп, мектеп медбикесі Г.Н.Аширова оқушылардың тазалығы мен денсаулығы жайлы айтты.Ата-аналар мектеп әкімшілігіне көкейкесті сұрақтарын қойып, өз пікірлерін ортаға салды.
Ұйымдастырушылар:
Омарова Н.Т.
Джанузакова К.Р
Кулагулова Б.Н.
Молбаева Э.С.
Жумысбаева М.К.

https://www.instagram.com/p/CrLMBpgMnjs/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==