Нашақорлықтың алғашқы белгілері» атты тақырыбында нарколог-дәрігермен кездесу өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Нашақорлықтың алғашқы белгілері» атты тақырыбында нарколог-дәрігермен кездесу өтті.
15
октябрь
2021

Нашақорлықтың алғашқы белгілері» атты тақырыбында нарколог-дәрігермен кездесу өтті.

2021 жылдың 15 қазан күні  №196 ЖББМ 
«Нашақорлықтың алғашқы белгілері» атты тақырыбында 
нарколог-дәрігермен кездесу  өтті.Оқушыларды зиянды әдеттерден бас тарту ережелерімен таныстыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында  9  сынып оқушыларымен  ДТІЖО Ж.Б. Амангельдинова, педагог-психолог С.Ж.Орманова әңгіме-кеңес ұйымдастырды. 
    ГНЦМСК дәрігері Кенесбаева Салия Кенесбекқызы  «Нашақорлық пен ішімдіктің алдын алу» атты дәріс өткізді.  Кенесбаева Салия Кенесбекқызы  қазіргі жастар мен мектеп оқушылары темекі, ішімдік және нашақорлықты мектеп табалдырығынан әсіресе 4-10 сынып оқып жүргенде қызығып немесе достарына еліктеп дәмін көретінін және осы заттардың адам ағзасына  тигізер әсерлері мен оның құрамындағы химиялық қоспалар туралы айтып өтті. Осы тақырыпқа байланысты әңгіме слайд-шоумен жалғасты, онда кәмелетке толмағандар арасындағы өлім-жітім статистикасы, денеде қандай бұзылулар пайда болады және патологиялық маскүнемдерге, темекі шегушілерге, нашақорларға қалай көмектесуге болатындығы көрсетілген.
     Мектеп психологы С.Ж.Орманова бүгінгі күнде елімізде  қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны өсіп жатқандығы және жастардың зиянды әрекеттерге берілуі ешкімге құпия еместігін айтып, осының салдарынан жастар арасында адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алудың басты себебі болып табылатынын тілге тиек етті. Адамдар арасындағы  адасудың үлкен жолы зиян әдеттерді қолдану болып табылатындығын айтып өтті. Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Амангельдинова оқушыларға өз білгенімен жүрмей, барлық әрекетін ой елегінен өткізіп, өз өмірі мен тағдырына жауапты болуға шақырды.