Кітап оқудың пайдасы неде? » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кітап оқудың пайдасы неде?
05
ноябрь
2021

Кітап оқудың пайдасы неде?

07.11.2021 жыл.6 "А" сынып оқушылары бос уақытта  кітап оқуды насихаттау мақсатында 
Кітап оқудың пайдасы неде? атты онлайн тренинг ұйымдастырды.Неге кейбір адамдар оқуды әлі де жалғастыруда ? Тек демалу немесе бос уақытты өткізу үшін ғана емес шығар?
Әрине, кітап оқудың пайдасы зор екендігінде сөз жоқ. Жақсы кітапты оқу арқылы адамның білім көкжиегі кеңейеді, ішкі жан дүниесі рухани бай болады, есте сақтау қабілетін арттырады. Ал, тағы бір кітап оқудың маңызды жағы…:
Кітап оқу арқылы адамның сөздік қоры көбейіп, ойлау қабілетін арттырып, өз пікірін еркін жеткізе алады. Оған сөз жоқ өз тәжірибеңде көз жеткізуге болады. Мысалы, бір классиктің шығармасын оқысаң-ақ болды оқырман өз ойын жеткізе алатындай дәрежеге жетеді.Сондықтан бүгінгі  6"А" сынып оқушылары ұйымдастырған  бос уақытында кітап оқу, оның ішінде электронды кітап оқуды насихаттайтын  тренинг сәтті, әрі қызықты өтті. Сынып жетекшісі: Иманасова Айгерим