02
январь
2022
ОТБАСЫЛЫҚ ЖАҢА ЖЫЛ ШЫРШАСЫНДА"
02.01.2022 жылы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 1"А",1"Ә" 1"Д",1"Е" сынып оқушылары ОТБАСЫЛЫҚ ЖАҢА ЖЫЛ ШЫРШАСЫНДА" атты мерекелік бейнеролик пен фотоколлаж ұйымдастырды.Оқушыларға Жаңа жыл туралы түсінік беріп, Жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен отбасында өткізуге баулу және Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету, көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру мақсатында өткен іс-шараға сыныптардың ата -аналары да белсене қатысты.Жаңа жыл мерекесімен құттықтау, жыл мезгілдері туралы білімдерін жетілдіру, жұмбақ жасыру, өлеңдер оқу арқылы балалардың ой- өрісін дамыту Жаңа жыл мерекесінде де жалғасын тауып, балалар отбасына қонаққа келген Аяз ата мен Ақшақарға және ата- -аналарына өнерлерін көрсетіп қуантып жатты.
Ұйымдастырушылар:
1 сынып жетекшілері Джамалова М.Р.
Сайдуллаева С.Г.
Шиналиева А.А.