"Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" атты сынып сағаты » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" атты сынып сағаты
22
апрель
2022

"Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" атты сынып сағаты

22.04.2022 жыл. Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 9"А"сынып оқушылары арасында "Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" атты сынып сағаты ұйымдастырылды. Сынып сағатында оқушыларға сыбайлас жемқорлық туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, одан сақтану жолдарын, алдына алу мәселелерін қарастыру болды. Пайдаланылған материал арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытып, одан әрі өмірде өзіндік орнын білуге, еліміздің патриоты болуға, әрі адал ұрпақ даярлауға септігін тигізді. “Сыбайлас-жемқорлық" деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсініктерін  қалыптастыру,қоғамдық қасіретке әкелетін бұл материалдық құндылықтар дағдарысынан шығу және оны жою дұрыс әрекет етуден туындайтынын ұғындыру мақсатында өтті.
Ұйымдастырушы: Таттимбетова С.Ж .