Сейсможаттығу талапқа сай, өз деңгейінде ұйымдастырылып өткізілді. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сейсможаттығу талапқа сай, өз деңгейінде ұйымдастырылып өткізілді.
30
сентябрь
2021

Сейсможаттығу талапқа сай, өз деңгейінде ұйымдастырылып өткізілді.

30.09.2021 жылы  сағат 10.00-де №196 жалпы білім беретін мектепте төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қала бойынша  «Барлығының назарына!»  дабылы қағылғаннан кейін мектеп оқушылары қауіпсіз аймаққа көшірілді. Сейсможаттығуға шыққан оқушылар жер сілкінісі туындаған жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы мәліметтер алып, зардап шеккен оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстарын жүргізді. Сейсможаттығу төтенше жағдайларда үрей мен қысымдарды болдырмау үшін қажет. Оқушыларға жер сілкінісі мен оқыстан келген өзгеде табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік шараларына дайын болуы, сауатты іс-әрекеттер жасауы, сонымен қатар, апатты жағдайда өзін-өзі ұстай білу дағдыларын қалыптастыруды үйрету ұстаздардың басты міндеті. Сейсможаттығу талапқа сай, өз деңгейінде ұйымдастырылып өткізілді.

          https://www.facebook.com/100025697012822/videos/574028117168358/