"Жасыл Алматы" бағыты бойынша «Жер шарының сұлулығын сақтайық» атты фото көрмелерден байқау » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Жасыл Алматы" бағыты бойынша «Жер шарының сұлулығын сақтайық» атты фото көрмелерден байқау
13
май
2022

"Жасыл Алматы" бағыты бойынша «Жер шарының сұлулығын сақтайық» атты фото көрмелерден байқау

13.05.2022 жыл. №196 жалпы білім беретін мектептің 1-сыныптар арасында  "2022 жыл-Балалар жылы" аясында "БАЛАFEST"  фестиваліне орай, "Жасыл Алматы" бағыты бойынша «Жер шарының сұлулығын сақтайық»  атты фото  көрмелерден  байқау ұйымдастырылды.Байқаудың мақсаты:
·Қаланың оң имиджін қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Экологиялық мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыру.Байқаудың міндеттері:
Мектеп оқушыларының дизайн саласындағы шығармашылық белсенділігін арттыру, эстетикалық мәдениет деңгейін көтеру, сыйластыққа тәрбиелеу, қоршаған табиғатқа қамқорлық жасауды ұғындыру.  Табиғат объектілеріне қатысты өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезімге тәрбиелеу.
Байқауды іріктеуге жауапты әділ қазы алқалары: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.А.Аманжолова ,
орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.З. Аширова,көркем еңбек пәнінің мұғалімі 
Н.Б.Ақназарова 
Бағалау критерийлері:
· Сурет бойынша тақырыптың ашылуы;
·Креативті сәтті шығуы;
·Фотосуреттің сапасы  анық болуы. Фотосуреттің түстерінің қанық болуы.
Байқау ережеге сай өтті.Барлық бағалау критерийлерін ескере отырып,  I, II ,III дәрежелі орынмен төмендегі оқушылар марапатталды:
I орын- 1 «Б» сынып оқушысы Орынбасар Раяна
ІІ орын -1 «В» сынып оқушысы Дәрібаев Мирас
II орын- 1 «Б» сынып оқушысы Ибрагимова Ясмина
II орын -1 «Г» сынып оқушысы Ахмет Каусар
III орын - 1 «Ә» сынып оқушысы Айытова Ерке
III орын - 1 «Б» сынып оқушысы Жақан Диас 
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!