"Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады" . » №196 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №196
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 393-60-57
Бухгалтерия
+7(727) 393-55-31
Версия для
слабовидящих
» » "Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады" .
04
ноябрь
2021

"Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады" .

04.11.2021ж. "Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады" деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай  қазіргі мемлекетіміздің білім саласы  ұстаздар қауымына үлкен күш артатыны  бәрімізге  мәлім. Ұстаздардың өз ісін өнер деңгейіне жеткізуге, кәсіби сауаттылығын шыңдауға ұйтқы болатын әдістемелік жұмыстың қажеттілігі бүгінгі таңда ерекше орын алып отыр. Жас мамандарға жаңалықты дұрыс түсініп, өз әрекетін күн талабына сай жоспарлауға бағыт-бағдар беру, көмек көрсету біздің негізгі міндетіміз. 
 Жас мамандардардың білімдерін шыңдап тәжірбиелерін арттыру мақсатында " Жас маманға жәрдем" атты әдістемелік отырыс өтті. Отырыс барысында жас мамандарға жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,  жас мамандарға ережелері мен мақсаттарын түсіндіріп бірнеше әдіс-тәсілдерді тарту етті. Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында» деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты деп мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Н. Молдахмет өз сөзін қорытындылады.