Ер есімі-ел есінде » №196 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №196
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 393-60-57
Бухгалтерия
+7(727) 393-55-31
Версия для
слабовидящих
» » Ер есімі-ел есінде
06
май
2023

Ер есімі-ел есінде

05.05.2023 жылы N196 жалпы білім беретін мектептің 1-10 сынып оқушыларының қатысуымен "7мамыр- Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр- Ұлы Жеңіс күні" мерекесіне орай, "Ер есімі-ел есінде" атты мерекелік концерт өтті.
Мақсаты: жас ұрпақты Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру, патриоттық сезімге баулу.
Мерекелік концертке соғыс ардагерлері: М.М.Мажинов пен К.Жумадилов аталарымыз келді. Кездесу барысында ардагерлер сол уақытта болған қиыншылықтары және қызық оқиғаларымен бөлісті. Жастар бойында әрқашан еліне, жеріне деген патриоттық сезім болу керек екені және ел үшін аянбай, тынбай еңбек ету керектігі айтылды. Өнерлі шәкірттер ардагерлерге көңілді мерекелік кеш ұйымдастырды.
Жауапты: ДТІЖО М.С.Аукалиев, аға тәлімгер Б.О. Абдиева,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Р Джанузакова.
https://www.instagram.com/p/Cr5B_VnIy8J/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==​​​