"Государственные символы - менің мақтанышым" » №196 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №196
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 393-60-57
Бухгалтерия
+7(727) 393-55-31
Версия для
слабовидящих
» » "Государственные символы - менің мақтанышым"
19
октябрь
2021

"Государственные символы - менің мақтанышым"

2021 жылдың 19 қазанында Орыс тілі мен әдебиеті апталығы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері аясында  "Государственные символы - менің мақтанышым" атты ашық сынып сағаты 5 "Ә" сыныбында  өткізілді. Сынып жетекшісі Аширова Бахтинур оқушыларға  аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салып, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындырып, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсетті. Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тарихын сүюге тәрбиелеу, рй-өрісін, танымдық қабілетін жеке дара тұлға ретінде дамыту  мақсатында өткен сынып сағатында  елімізді, жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысу – ол әрбір азаматтың парызы екенін жас жеткіншектерге түсіндірілді. Туған жер деген киелі ұғымды әрбір қазақстандық құрмет тұтуға, қастерлеуге  міндетті және әр оқушы осыны білуі тиіс.