06
ноябрь
2021
Компьютер ойындары арқылы баланың миы жақсы жұмыс істейді деуге негіз бар ма?
06.11.2021 жыл. 6"А" сынып оқушыларына онлайн форматта компьютердің пайдасы мен зияны туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Компьютер ойындары арқылы баланың миы жақсы жұмыс істейді деуге негіз бар ма? Компьютерлік ойындар балаларға әр түрлі әсер етеді: егер де, бұл ойындар үйрететін, логикалық ойын дамытатын, зейін, спортқа қызығушылығын арттыратын - дойбы, футбол ойынындағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді. Бұдан оқушыларда логикалық ойлау жүйесі жақсы жетіледі. Олар есептің жаңа шығарылуы жолын бірден табады, есептеу техникаларын жақсы меңгереді. Ал, атыс-шабыс, құбыжық кейіпкерлері бар ойындар ойнау балаға қаншалықты зиян?
"Жарыс", "атыс" ойындарын ойнайтын оқушылар жүйкелері жұқарған, компьютер ойнағаннан кейін көздері ауырады, оқу үлгерімі нашарлайды. Олар мұқиятсыз, ашуланшақ, есептеу кезінде көп қателер жібереді, жай оқиды, кейде сабаққа дайындықсыз келеді немесе үй жұмысын дұрыс орындамайды.Осылай сынып оқушылары компьютер ойындарына байланысты өз ойларын ортаға салды.
Сынып жетекшісі: Иманасова Айгерим.
https://www.facebook.com/100025697012822/videos/286106006728074/