23
ноябрь
2021
N196 жалпы білім беретін мектептің 6-9 сыныптары сынып сағатында БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМНЫҢ АСПАНЫ атты фильмді тамашалады.
23.11.2021жыл. Алматы қаласы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 6-9 сыныптары сынып сағатында БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМНЫҢ АСПАНЫ атты фильмді тамашалады.
І желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған іс-шара Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру және Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру., ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу мақсатында өтті. Балалық шағымның аспаны — 2011 жылғы режиссёр Рүстем Әбдірашевтің Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы жайында түсірген көркем фильмі. Фильм оқушыларға өте жақсы әсер етті. Біз, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.
https://web.facebook.com/100025697012822/videos/pcb.993907011475857/1261834757625746?__cft__[0]=AZUEsO9p1DlE1OQ3QTeBl1GY-ZBOxUnt8gIp3tprX_lCWC17RwAjSs1RiDpo_--GUfh097M9x1QHmQKiKvbfgWtJUh8PRyZW_mJ67Gik0Bq-MrP2rTlinoTemdgfkwiTipA&__tn__=*bH-R