17
ноябрь
2021
" Бала құқығын қорғау мақсатында Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
17.11.2021 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектепте Бала құқығын қорғау мақсатында Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ атты 6 "Б" сынып сағаты және 8"А" сыныбында түсіндірме жұмысы өтті.Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту, оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу мақсатында өткен іс-шарада адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы екенін,
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу туралы айтылды.
Оқушыларға өзі жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға,әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне барынша талпыну керек екенін ұстаздар ескертті.
Ұйымдастырушылар
Амангельдинова Ж.Б. ДТІЖО
Джанузакова К.Р. ДТІЖО
Укибаев М.А.