Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу аясында мұғалім мен оқушы қатысқан ЕКІ ЖҰЛДЫЗ патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу аясында мұғалім мен оқушы қатысқан ЕКІ ЖҰЛДЫЗ патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды
04
декабрь
2021

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу аясында мұғалім мен оқушы қатысқан ЕКІ ЖҰЛДЫЗ патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды

04.12.2021 жылы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу аясында  мұғалім мен оқушы қатысқан ЕКІ ЖҰЛДЫЗ патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды.Байқауда алты жұп өнер көрсетіп танымал композиторлардың  әндерін нақышына келтіріп, әуенін, ырғағын көркемдеп жеткізуге баулу және шәкірттерімізді  туған жерін, туған елін, туған тілін сүюге тәрбиелеу мақсатында өткен байқаудың жеңімпаздарын  байқау  төрайымы, мектеп директоры Г.Ж.Буркитбаева мұғалімдер мен оқушыларды  жеңіспен құттықтап , өнер жолының биік белестерін бағындыруда сәттілік тіледі. Дүбірлі дода өз мәресіне  жетіп, төмендегідей орынға ие болған жұптар "Екі жұлдыз" әнін шырқап  қазақ елінің рухын асқақтатты.  Мектеп шаңырағынан шарықтап шыққан әнмен қатар  қуанышты құттықтаулар да  естіліп жатты. 
БАС ЖҮЛДЕ- Математика пәнінің мұғалімі Р.М.Желеуова мен 9"А' сынып оқушысы Жеңіс Алиасқар 
І ОРЫН- Бастауыш сынып мұғалімі  Ф.Б.Раймкулова мен  3"Ә" сынып оқушысы Тасқынұлы  Ерназар
ІІ ОРЫН- Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Серікхалиқызы Айжан мен 5"Б" сынып оқушысы Нурсадық Алинур 
ІІІ ОРЫН-  Бастауыш сынып мұғалімі А.О. Касенова мен 3"А"сынып оқушысы Ибраимова Аяна алды.Сонымен қатар,
*Бастауыш сынып мұғалімі  Ф.Б.Раймкулова мен  3"Ә" сынып оқушысы
Мусаинова Улпан "Актерлік шеберлігі үшін"
*С.К.Узембаева мен 6"В"сынып оқушысы Петровская Виктория "Үйлесімді жұп" номинациясын иеленді.Мектеп ұстаздары мен оқушыларының жұптасып ән айтулары аспан әлеміндегі  сан жұлдыздың жарқырай көрінуімен тең.Иә, әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық."Жұлдызың жансын" өнегелі ұстаз, өнерлі оқушы!
Ұйымдастырушылар ДТІЖО Джанузакова Қ.Р Амангельдинова Ж.Б.

               https://www.facebook.com/100025697012822/videos/5287050074644134/