"Қазақстан- егеменді ел, тәуелсіз мемлекет!" » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қазақстан- егеменді ел, тәуелсіз мемлекет!"
27
ноябрь
2021

"Қазақстан- егеменді ел, тәуелсіз мемлекет!"

27.11.2021 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектепте  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу аясында  Тәуелсіздік -елімнің ерлік жолы атты 1986 жылы 16- желтоқсанда алаңға шығып    қазақ елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, солардың қатарында бұл күнге жете алмай, туған Қазақстанның егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан құрбандарын еске алу  және ардагер желтоқсаншы мұғалімдермен кездесу ұйымдастырылды.Іс-шара барысында желтоқсаншылар 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жайындағы бастан кешкен оқиғалары және естеліктерімен бөлісті. Мектеп директоры Г.Ж.Буркитбаева барша қатысушыларды алдағы келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.Содан  бері татулық  пен тұрақтылықтың аясында өмір  сүріп,бейбітшілік туын биікке көтерген қазақ  елінің тәуелсізідігі мәңгі жасамақ.
Іс -шара барысында 7"А" сынып оқушылары  сахналық қойылым қойып, өнерлерін көрсетті.
Ұйымдастырушылар: 7"А"  сынып жетекшісі Омарова Н.Т. және ДТІЖО Джанузакова К.Р.