01
декабрь
2021
1 Желтоқсан- Тұңғыш Президент күніне орай сынып сағаттарын өткізді.
Алматы қаласы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 2"Ә",3"А",4"Ә"сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу аясында және 1 Желтоқсан- Тұңғыш Президент күніне орай сынып сағаттарын өткізді. Қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру және Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге,ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу мақсатында өткен сынып сағатында оқушылар
Елбасымыздың билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін жақсы меңгеріп, Елбасымызға деген ыстық ықыласын өлең жолдары арқылы білдірді. Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенін жақсы түсінді.
Ұйымдастырған сынып жетекшілер:
Бегалиева М.Т.
Акназарова Н.Б.
Касенова А.О.
https://web.facebook.com/100025697012822/videos/688097708829665/