Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » N196 жалпы білім беретін мектептің оқушылары арасында ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ-САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ атты мектептің кітапханасында көрме ұйымдастырылды.
24
январь
2022

N196 жалпы білім беретін мектептің оқушылары арасында ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ-САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ атты мектептің кітапханасында көрме ұйымдастырылды.

24.01.2022ж . Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің оқушылары арасында ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ-САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ  атты мектептің кітапханасында көрме ұйымдастырылды.Көрменің
мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты күте білу, спорт түрлерімен  айналысу  жөнінде  қысқаша  тоқталып оқушылардың түсініктерін  қалыптастыру болды. Адам денсаулығы  әркімнің  өз қолында  екенін  жеткізе  білумен қатар, спорттық түрлерімен айналысып, салауатты өмір салтын сақтау керек екені де  түсіндірілді.Кітапхана көрмесіне  3 «Ә», сынып оқушылары қатысты. 
Кітапхана көрмесінде  пайдаланылған көрнекілік құралдары : «Балапан әлемі»журналы, «Ойла журналдары» ,
  «Приключения волшебной кастрюльки», «Балдырған журналы»
  Айбек Қуатбай «Әлем халықтарынан Орда ертегілері» Ертегі  «Аладин» 
   Тәрбие хрестоматиясы т.б 
 «Бірінші байлық - денсаулық» , «Дені саудың - жаны  сау»  деген мақал-мәтелдердің  адам  денсаулығын күтуде  тәрбиелік , философиялық мәні зор екені айтылды.Оқушыларға беті - қолды сабындап жуып жүруге, тіс тазалау, жаман әдеттен  аулақ  жүруге, киімдерін жинау, таза жүруге қалыптастыру жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді. Ұйымдастырушы: мектеп кітапханашысы  Бейсебекова М.С.