Директорлық сенбі-ата -ана үні жиналысы өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Директорлық сенбі-ата -ана үні жиналысы өтті.
05
февраль
2022

Директорлық сенбі-ата -ана үні жиналысы өтті.

05.02.2022  жыл. Алматы қаласы Алатау ауданы N196  жалпы білім беретін мектепте 5-6 сынып оқушыларының ата-аналарымен Директорлық сенбі-ата -ана үні жиналысы өтті. Жиналыстың тақырыбы: Ата-ананы баланың сабақтан тыс қызықты, мазмұнды жұмыстарын ұйымдастыруға тарту. Отбасы тәрбиесі мәселелерін шешуге көмек көрсету. Балалардың өмір сүру үрдісінде құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету туралы болды.  Мақсаты: 
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. 2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. 3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту. Міндеті: 1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігін арттыру.Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды»  Осыған орай, бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне, осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. 
Ұйымдастырушылар: сынып жетекшілері.