03
февраль
2022
МЕЙІРІМДІЛІК ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ!
03.02.2022 жыл. Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 4"Ә" сынып оқушылары арасында МЕЙІРІМДІЛІК ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ атты сынып сағаты өтті. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман етіп қуанышқа кенелтетін маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады” деген екен Шәкәрім ақын. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік табатынын сынып сағатында түсініп,оқушылар бір-біріне деген достық мейірімін түрлі тренингтер арқылы көрсетті.
Ұйымдастырушылар:
Акназарова Н.Б.
Молбаева Э.С.
https://www.facebook.com/100025697012822/videos/pcb.1036422517224306/460417979076160?__cft__[0]=AZVrf9xMhfIOpdiwG85VNXSC_vGjaq06vLDIlMom5wwl4rsXq7iXIIbRDHrpzVvYpcFFEl1DSybmB1lgNxc2aEPmij64aQycHCRmSCsoPDy18zG41B94_Fi_q7mWcl6mYbQ&__tn__=*bH-R