Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қазан Қарттар күні аясында жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары "Қарттарым -асыл қазынам" атты эссе жазды.
12
октябрь
2021

1 қазан Қарттар күні аясында жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары "Қарттарым -асыл қазынам" атты эссе жазды.

12.10.2021 жылы 1 қазан Қарттар күні аясында жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары "Қарттарым -асыл қазынам" атты эссе жазды.Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында жазылған эсседе оқушылар адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген  қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты екенін анық таныта білді.Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор.Сондай-ақ, жастардың бойына қайырымдылық қасиетін сіңіру, қоғамда біздің қамқорлығымызға мұқтаж жандар бар екенін олардың естеріне салу, қазыналы қарттарымызды  бағалау керек екенін насихаттау үшін эссе жазудың маңызы зор  болды