№196 ЖББМ "Кітап оқиық" атты мектепішілік байқауы өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №196 ЖББМ "Кітап оқиық" атты мектепішілік байқауы өтті.
17
февраль
2022

№196 ЖББМ "Кітап оқиық" атты мектепішілік байқауы өтті.

17.02.2022 жылы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 1-сынып оқушылары арасында"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап оқиық" атты мектепішілік байқауы өтті.
Байқауға 1"А", "Ә", "В", "Г" сыныптарының оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың  кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу болды.  Қазылар алқасы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Р. Джанузакова,  мектеп кітапханашысы М.С. Бейсебекова, бастауыш сынып мұғалімі А.Н.Белгожанова  сайысқа түскен оқушылардың кітап оқу шеберлігіне баға беріп, төмендегідей орын тағайындады:
І орын- 1 "Ә" сынып оқушысы Айытова Ерке 
ІІ орын- 1 "Б" сынып оқушысы 
Орынтай Бағым 
ІІІ орын - 1 "А' сынып оқушысы  Шайзат Алихан
Жүлделі орын алған оқушылар мектеп директоры Г.Ж.Буркитбаеваның мақтау қағаздарымен марапатталды.
Ұйымдастырушылар:
ДТІЖО Джанузакова Қ.Р. 
Сайдуллаева С.Г.
Кулмирзаева А.Н. 
Мұғалбекова С.А. 
Айнабай Н.