"Анашым-ардағым" » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Анашым-ардағым"
05
март
2022

"Анашым-ардағым"

05.03.2022 жыл.Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 3"А","Ә","Б","В" сынып оқушылары "8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні "мерекесіне арналған "Анашым-ардағым" атты мерекелік концертке қатысып , өнер көрсетіп аналарды, ұстаздарын,ару қыздарды мерекесімен құттықтады. Осындай қуанышты күні шәкірттер жаттаған өлең-жырларын айтып, концертті әсем әнмен, думанды бимен жалғастырды.Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтаулары мен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

https://web.facebook.com/100025697012822/videos/375334097456639/