"8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні" » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні"
08
март
2022

"8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні"

Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің  1"В" сынып оқушылары "8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні" мерекесімен аяулы аналарын құттықтап, мәнерлеп өлең оқып берді.Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша  бұл күні  аналар  мен  әжелеріне   ең ыстық құттықтауларын  ең ізгі тілектерін шәкірттері жолдайды. Олар сіздерге  шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларына  береке-бірлік, еңбектеріне  табыс тілейді! Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.Осындай ардақты да, қайратты аналарымызды шын жүректен мерекесімен құттықтаймыз!
Ұйымдастырушы:
1"В"сынып жетекшісі Алимбекова А.Ш.

https://web.facebook.com/100025697012822/videos/1610669795946363/