"Туған елге мың алғыс ! " » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Туған елге мың алғыс ! "
01
март
2022

"Туған елге мың алғыс ! "

01.03.2022 жыл.
Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 2"Д" және 2"Е" сынып оқушылары арасында 1 наурыз  Алғыс айту күніне арналған "Туған елге мың алғыс " атты өлең оқу іс-шарасы өтті.Оқушылар туған жерге деген патриоттық сезімдерін, сүйіспеншіліктерін өлең жолдары арқылы білдірді. Отан, туған жеріміз жайлы түсінік бере отырып, бала бойындағы ұлттық рухты , патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, туған елін сүюге, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру мақсатында өтті.  Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Осы жер адамды елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне сондықтан да балалық шақтан Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбір адам үшін Отан отбасынан басталады.Осындай ұғымдарды бала бойына сіңіру үшін сынып сағаттарында ұстаздары тәрбие беріп, еңбек етуде.

https://web.facebook.com/100025697012822/videos/pcb.1051869825679575/2038027696368768?__cft__[0]=AZUm-Vi-3md1DG-d9ttwvqbfEpVYKYtWtrFcEqvMsf_r7nt8bG2usSHkW-LWPg604st_QYsQfp0n74OwitC82JoV_PHro0kbKSLDnSvWTLP_4u4o5OLWHMXqL4BUnZmiQEk&__tn__=*bH-R