"Өз жұлдызыңды жақ!" » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Өз жұлдызыңды жақ!"
15
март
2022

"Өз жұлдызыңды жақ!"

15.03.2022 жыл. Алатау ауданы білім бөлімінің  ұйымдастыруымен 
№169 мектеп-лицейінің акт  залында "Өз жұлдызыңды жақ!" атты жас мамандарға арналған 
байқау өтті.Аудан  мектептерінен  педагогикалық қызметін енді бастаған және  педагогикалық қызметіне 2-3 жыл  болған жас мамандар   қатысты. Байқау  төрт   кезең бойынша  өтті.
-        «Мен – педагог» эссе кезеңінде қатысушылар аталған тақырып бойынша эссе жазды. 
-        «Менің педагогикалық тұжырымдамам» кезеңінде қатысушылар кәсіби қызметінің педагогикалық тұжырымдамалық негіздерін, әдістемелік және технологиялық компоненттерін таныстырды.
-        «Менің алғашқы сабағым», «Менің тәрбие сағатым» кезеңдерінде қатысушылардың тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес құрылған бейнетүсірілімдегі сабақтары мен тәрбиелік іс-шаралары қаралды.Осы байқауда N196 жалпы білім беретін мектептің жас маманы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Саттар Гулнар Әбдіманатқызы ІІ  орынға ие болды.Жүлделі орын алған ұстазымызды  жеңісімен құттықтаймыз!