№196 ЖББМ "Бұрымды қыз" мектепішілік байқауы өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №196 ЖББМ "Бұрымды қыз" мектепішілік байқауы өтті.
26
февраль
2022

№196 ЖББМ "Бұрымды қыз" мектепішілік байқауы өтті.

26.02.2022 жыл. Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің  7-9 сыныптың  қыздары арасында 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне арналған "Бұрымды қыз" мектепішілік байқауы өтті.  Байқау қыздарға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта әкеліп  салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы, дарынды да талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру.Шаштарын үнемі күтіп ұстауға, тазалыққа,тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.Қазылар алқасының құрамында 
мектеп директоры Г.Ж.Буркитбаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары А.Б.Шаменова,  Г.Н.Молдахмет болды. Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар төмендегідей орындарға ие болды:
БАС ЖҮЛДЕ- 8"А"сынып оқушысы Серікбаева Еңлік
І ОРЫН -8"В"оқушысы Ежова Арина
ІІ ОРЫН -8"Б"сынып оқушысы Бобылаева Ару
ІІІ ОРЫН- 9"Ә"сынып оқушысы Бейбітқызы Жанел 
КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ номинациясы бойынша-7"Б" сынып оқушысы Латышева Мария
ҚЫЛЫҚТЫ ҚЫЗ номинациясы бойынша- 7"В" сынып оқушысы Магезова Рамиля
КӨРІКТІ ҚЫЗ номинациясы бойынша 7"Ә"сынып оқушысы Кургамбаева Лунара
ӨНЕРЛІ ҚЫЗ номинациясы бойынша-9"А:сынып оқушысы Мачжон Минеля
Жүлделі орын алған оқушылар мектеп директоры Г.Ж.Буркитбаеваның мақтау қағаздарымен марапатталды.  Бас жүлде алған оқушы Серікбаева Еңлік аудандық байқауға қатысуға жолдама алды. 
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Ұйымдастырушылар:
ДТІЖО Джанузакова К.Р 
Амангельдинова  Ж.Б. 
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Айты А.И 
Акназарова Н.Б. 
Саттар Г.Ә.

https://web.facebook.com/100025697012822/videos/1057657804799674/